Компания туралы

Қадірлі ұстаздар!

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, сондықтан да еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі және құрметтеуі қажет. Ана тіліміздің қасиетін ұрпақ бойына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан үш жұрналымыздың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді өркендету болып табылады.

XXI ғасыр – техника ғасыры. Алайда адам өмірін жеңілдетеміз деп түрлі заманауи техникалар жасағанымызбен, олардың пайдасынан гөрі зияны адам денсаулығына әсер етіп жатқаны – ащы да болса шындық! Компьютер алдында жиі отырған адам зиянды сәулелер әсерінен тез шаршағыш, ашуланшақ бола бастайды. Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар нәрсе – баспа иісі аңқыған қағаз бетіне басылған дүние.

Компаниямыз қазақ тілі секілді өз даму тарихында көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Алайда, республиканың түкпір-түкпіріндегі кәсіби жұрналымыздың шын жанашырлары, төл басылымдарының мерейін өсіріп, жыл сайын үзбей жазылып жүрген ұстаздардың арқасында осындай дәрежеге жеттік.

Педагогикалық, ғылыми-әдістемелік үш жұрналға да қазақ тілінің оқыту әдістемелері, мұғалімдердің, ғалымдар мен ізденушілердің іс-тәжірибелері, ғылыми жұмыстары жарияланады.

Жұрнал беттерінде қазіргі оқу үрдісіндегі жаңа технологиялар, сабақ берудегі тиімді әдіс-тәсілдер, жаңалықтар, қазақ тілін оқыту әдістемелері, мұғалімдер, ғалымдар мен ізденушілердің іс-тәжірибелері жарық көреді. Білім және ғылым министрлігінің жаңалықтары таратылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұлағат» және «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» жұрналдары жас маманға да, тәжірибелі ұстазға да бағыт-бағдар беріп, кәсіби білімін көтеруге, шығармашылық шеберлігін жетілдіруге қызмет етеді.

Біздің сертификатымыз


×

Жүйеге кіру







Ұмыттыңыз ба?Құпия сөзді қалпына келтіру

×

Жүйеге тіркелу












×

Құпия сөзді қалпына келтіру



Құпия сөзді сіздің поштаңызға жібереміз. Поштаңызды тексеріңіз

×

Журнал жаңалықтарға жазылу сәтті өтті

×