Журналдар
КӘСІБИ ТӨЛ ЖҰРНАЛДАРЫҢЫЗ
Қадірлі ұстаздар!
«Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы 1958 жылы наурыз айында жарық көріп, 1960 жылы жабылды. Ол Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің 1990 жылғы қыркүйек айының 10-ы күні шыққан №12 Шешімімен 1991 жылы қаңтар айында қайта қанат қағып, ресми түрде жарық дүниеге екінші рет келген республикалық тұңғыш ғылыми-педагогикалық, әдістемелік басылым болды. Тілі – қазақ. Пішімі – 84×108 1/32. Көлемі – 144 бет. Мұқабасы – түрлі-түсті, ішкі беттері – ақ-қара. Таралу аймағы – Қазақстан Республикасы. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде – Казахский язык и литература в русской школе» жұрналы – 2001 жылы қаңтар айында «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналынан еншісін алып, өз алдына бөлек отау құрған осы саладағы республикалық тұңғыш ғылыми-педагогикалық басылым. Тілі – қазақ, орыс. Пішімі – 84×108 1/32. Көлемі – 144 бет. Мұқабасы – түрлі-түсті, ішкі беттері – ақ-қара. Таралу аймағы – Қазақстан Республикасы. Ал, Республикалық ғылыми-психологиялық және педагогикалық «Ұлағат» жұрналы – алғашқыда Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1993 жылғы желтоқсан айының 20-сы күні шыққан №10 Шешімі бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналының қосымшасы ретінде әрі ресми түрде тұңғыш жарық көрген басылым. Тілі – қазақ, орыс. Пішімі – 84×108 1/32. Көлемі – 144 бет. Мұқабасы – түрлі-түсті, ішкі беттері – ақ-қара. Таралу аймағы – Қазақстан Республикасы.
Бұл үш жұрналдардың үшеуі де Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің ғылыми нәтижелерді жариялайтын басылымдар тізіміне филология және педагогика ғылымдары бойынша енгізілгенін және оған шыққан әрбір зерттеу мақалаңыз ғылыми еңбекке жататынын естеріңізден шығармаңыздар.




Туған жер,туған Отан,туған тіл,туған дәстүр–осы төртеуін таным тұғыры еткен талантты ақын,танымал журналист,ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Зернебек Шілдебайұлы қарапайымдылықтың сирек кездесетін хас үлгісі еді.

Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ >
Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ >