Компания туралы
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек»,- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Қадірлі ұстаздар!
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, сондықтан да еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі және құрметтеуі қажет. Ана тіліміздің қасиетін ұрпақ бойына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан үш жұрналымыздың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді өркендету болып табылады.
XXI ғасыр – техника ғасыры. Алайда адам өмірін жеңілдетеміз деп түрлі заманауи техникалар жасағанымызбен, олардың пайдасынан гөрі зияны адам денсаулығына әсер етіп жатқаны – ащы да болса шындық! Компьютер алдында жиі отырған адам зиянды сәулелер әсерінен тез шаршағыш, ашуланшақ бола бастайды. Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар нәрсе – баспа иісі аңқыған қағаз бетіне басылған дүние.
Компаниямыз қазақ тілі секілді өз даму тарихында көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Алайда, республиканың түкпір-түкпіріндегі кәсіби жұрналымыздың шын жанашырлары, төл басылымдарының мерейін өсіріп, жыл сайын үзбей жазылып жүрген ұстаздардың арқасында осындай дәрежеге жеттік.
Педагогикалық, ғылыми-әдістемелік үш жұрналға да қазақ тілінің оқыту әдістемелері, мұғалімдердің, ғалымдар мен ізденушілердің іс-тәжірибелері, ғылыми жұмыстары жарияланады.
Жұрнал беттерінде қазіргі оқу үрдісіндегі жаңа технологиялар, сабақ берудегі тиімді әдіс-тәсілдер, жаңалықтар, қазақ тілін оқыту әдістемелері, мұғалімдер, ғалымдар мен ізденушілердің іс-тәжірибелері жарық көреді. Білім және ғылым министрлігінің жаңалықтары таратылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұлағат» және «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» жұрналдары жас маманға да, тәжірибелі ұстазға да бағыт-бағдар беріп, кәсіби білімін көтеруге, шығармашылық шеберлігін жетілдіруге қызмет етеді.




Туған жер,туған Отан,туған тіл,туған дәстүр–осы төртеуін таным тұғыры еткен талантты ақын,танымал журналист,ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Зернебек Шілдебайұлы қарапайымдылықтың сирек кездесетін хас үлгісі еді.

Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ >
Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ >